Қарағанды облысы Абай шахтасынан 155 адам шығарылды
Фото: Pexels
7 қарашада Абай шахтасында төтенше жағдай орын алды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Qarmet сілтеме жасап.
“Қарағанды Жарық” ЖШС №9 трансформаторлық станциясында электр энергиясы тоқтап, шахтада қуат берілмей қалған. 155 шахта жұмысшысы сыртқа шығарылып, эвакуация өткізілді.
Қазіргі таңда элект қуатын беру қалпына келтірілді. Оқиға бойынша талдап-тексеру жұмыстары жүруде.