Қарағанды облысы "Самара-Ташкент" тас жолының бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шеткеледі
Фото: Pexels
15 желтоқсан сағат 00:30-дан бастап Қызылорда облысында ауа-райының күрт бұзылуынан республикалық маңызы бар жол қозғалысы уақытша тоқтады, – деп хабарлайды Taspanews.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Қар аралас жаңбыр жауғаннан Қызылорда облысы, М-32 Самара-Ташкент тас жолының 1240-1434 шақырымдары аралығы уақытша қозғалыссыз. Ақтөбе облысы шекарасынан Арал ауданы, Қамыстыбас ауылына дейін барлық көлік түрлерінің қозғалысы шектелді. Ашылу уақыты әлі белгіленбеді.