Қарағанды облысында 500 доза сақталған есірткі зертханасы табылды
Фото: Polisia.kz
Қарағанды облысында есірткі зертханасы анықталып, жойылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Облыстағы саяжайлардың бірінде алты бөшке прекурсор табылды. Бұл бөшкелер автокөлікке тиеліп, жеке тұрғын үйге кіргізілмек болған.
Үйді тінту кезінде 1 тонна прекурсор табылды. Одан бөлек, белгісіз сұйықтық салынған 33 канистр, ұнтақ зат салынған төрт қап, үш жалпы салмағы шамамен 3 кг дайын альфа-ПВП препараты бар вакуумдық пакеттер, сондай-ақ есірткі өндіруге арналған жабдықтар анықталды.
Осылайша, 500 доза есірткінің айналымға шығарылуының алды алынды.
Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторында. Тергеу жүргізілуде.