Қарағанды облысында ауыл тұрғыны 15 орам пішен ұрлаған

Фото: Pexels

Оқиға Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданындағы Ғ. Мұстафин ауылында болған. Ауыл тұрғыны ауыл шаруашылық кәсіпорнынан 15 орам пішен ұрлаған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


44 жасар ауыл тұрғыны басында күдікті саналған, алайда кінәсі мойындалған. Ол олжаның жартысын жеке мақсатта қолданып, қалған бөлігін сатуды жоспарлаған. 


Кәсіпорын иелері 180 мың теңге зиян келтірілгенін айтты.


Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде