Қарағанды облысында автобус тұрағы аумағында қоғамдық көлік өртенді
Фото: ҚР ТЖМ
Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі бойында орналасқан жеке меншік жерде автобус өртенді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Өрт автобустар сақталатын тұрақта, 15 шаршы метр аумағында сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Жақын маңдағы автобусқа өрт таралуына жол берілмеді.
Еске салсақ, бұрынырақ Алматы облысында үй аумағында автокөлік өртенген.