Қарағанды облысында бірнеше мал ұрлығы анықталды

 Pexels фото на taspanews.kz от 19 ноября 2024 08:42
Фото: Pexels

Қарағанды облысында бөтеннің мүлкін ұрлағандар ұсталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Бірінші жағдайда 4 миллион теңге шығын келтірілген. Екі жергілікті тұрғын 71 жастағы фермердің қорасынан 13 ірі қараны әкеткені үшін күдікке ілінді. Соңынан, күнәсін мойындады. Қамауға алу шарасы қарастырылды.


Екінші жағдайда, ер адам 1,5 жастағы бұқаны ұрлап кетті. Нәтижесінде, тері мен бес дорба ет тәркіленді.


Келесі жағдайда, жас жігіт ауыл тұрғынының жылқысын ұрлағанын мойындады.


Барлық жағдай бойынша қылмыстық істер қозғалды.


Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews