Қарағанды облысында дүкенге заңсыз енген ұры алкоголь өнімдері мен қаражат иемденген

Pexels фото на taspanews.kz от 26 ноября 2024 11:48
Фото: Pexels

Қызылорда – Павлодар тас жолы бойындағы дүкендердің бірінде ұрлық орын алды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Есікті бұзып кірген 21 жасар Қостанай тұрғыны күдікті атанды. Ол күнәсін мойындап, оқиғаның мән-жайын өз сөзімен жеткізді. Дүкен иесі шығын құнын 32 мың теңгеге бағалады.


Еске салсақ, жақында Ақмола облысында күйеу бала қайың енесінің алтынын ұрлағаны белгілі болды. 


Следите за новостями Taspanews