Қарағанды облысында қоқыстың жануы тұрғын үйдегі өртке себеп болды
Фото: Pexels
Қарағанды облысы, Теміртау қаласының тұрғын үйінде қоқыс өртенді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Менделеев көшесі бойындағы үш қабатты үйдің жоғарғы қабаты жалынға оранды. Ішінде 1940 жылғы әйел қалып қойған. Өрт сөндірілді. Әйел эвакуацияланды. Медициналық көмек қажет емес.
Еске салсақ, 22 қарашада Алматыдағы ірі өрттен бала құтқарылды.