Қарағанды облысында көлік қозғалысы тоқтағаннан жүргізушілер жол үстінде қалып қойды

Фото: Depositphotos
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жергілікті атқарушы органдарға көмектесіп, Қызыл аймен бірлесіп, Қарағанды облысындағы жабық жолдарда, бекеттерде тұрып қалған жолаушыларды тамақтандырды, – деп хабарлайды Taspanews.kz.
ТЖМ қызметі 50 автокөлік жолаушылары мен жүргізушілерін тамақ және ауыз сумен қамтамасыз етті.
Еске салсақ, Қазақстанда ауа-райы қолайсыздығынан түрлі жағдайлар орын алуда.
21 қаңтар таңында көлік қозғалысы Республикалық маңызы бар жолдарда уақытша тоқтады.
Ал 22-23 қаңтарға қараған түні Алматыда қалың қар болжанды. Осы орайда қала әкімдігі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер сақтық шараларын сақтау керектігін жеткізді.