Қарағанды облысында колледж студентінің сабаққа бармауы полиция арызына әкеп соқты

Pexels фото на taspanews.kz от 14 ноября 2024 11:26
Фото: Pexels

Колледжге бармай жүрген студентті 1 жылға арнайы білім беру ұйымына беру арызы қаралды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Жоғарғы Сотқа сілтеме жасап.


Арыз полиция басқармасы тарапымен дайындалып, Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды.


Арызда Қарағанды агротехника колледжінің 2-курс студенті сабаққа келмейтіні, ата-ана қарауынсыз және оқуы қадағаланбағаны келтірілді.


Сот келесіні анықтады:


-       Бала 71 жастағы әжесіне күтім жасағандықтан, сабаққа келе алмаған, алайда білім алғысы келеді


-       Бейресми табысын әжесіне әкеледі және қалған бөлігіне үй заттары мен киім-кешекке жұмсайды.


-       Ешбір есірткі, бос жүріс, алкоголь бойынша есепте жоқ. Заң бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылмаған.


-       Ата-анасы баласына көңіл бөлмей, басқа қалаға кеткен.


Осы орайда, анасына міндеттерін орындамағаны үшін есепке қою шарасы және дәл осы жағдай мен алкогольдік ішімдік ішу бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылды.


Әкесі көңіл бөлмегенін мойындап, полиция басқармасы арызымен келіспейтінін мәлімдеді.


Прокурор арыздан бас тартты. Сот Полиция басқармасының арызын қанағаттандырмады.


Кәмелетке толмағандардың құқығын бұзбау бойынша арнайы ұйғарым шығарылды.


Шешім заңды күшке енді.


Следите за новостями Taspanews