Қарағанды облысында Қытай азаматтары қар құрсауында қалып қойған

Фото: ТЖМ

11 қазанда, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, Аққора ауылынан 15 шақырым жерде қытай азаматтарының көлігі қар құрсауында қалып қойған, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Қытай азаматтары сапарды қысқартып, төте жолмен жүруге тырысқан. Нәтижесінде көлігі қар арасында тұрып қалған. ТЖМ қызметкерлеріне хабарласып, көмек қажет еткен.


Автокөлік тас жолға дейін шығарылып, аудан орталығына дейін сүйемелденді.Зардап шеккендер жоқ.