Қарағанды облысында мас күйінде көлік айдаған адамға қатысты сот үкімі өзгерді

Фото: Depositphotos
Қарағанды облысы, Шет аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 346-бабы, 1-бөлігі бойынша сотталған азаматқа қатысты сот үкімі өзгерді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.
Мас жүргізушінің 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы сол мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылды. Бірінші сот отырысынан кейін прокурор өтінішхат жолдап, аппеляциялық сотта үкімнің ауысуына қол жеткізді.
Сот сотталғанды қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы шешім қабылдады.