Қарағанды облысында мешіт толықтай өртеніп кетті

Depositphotos фото на taspanews.kz от 08 января 2025 11:02
Фото: Depositphotos

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Томар ауылында мешіт өртеніп кетті, – деп хабарлайды Taspanews.kz Бірінші Қарағанды телеарнасына сілтеме жасап.


Оқиға кешкі уақытта орын алып, мешіт ішінде адам болмағандықтан жергілікті тұрғындар зардап шекпеді. Ауыл тұрғындары өрт сөндірушілер келгенге дейін жалынды сөндіруге тырысқанымен, нәтижесіз болды. Туындаған өртті уақытында сөндіру мүмкін болмай, мешіт толықтай өртеніп кетті.


Өрт себебі анықталуда.


Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews