Қарағанды облысында су тасқынын болдырмау шаралары жүргізілуде

Фото: ҚР ТЖМ
2025 жылдың 17 наурыз күні Шет және Ақтоғай аудандарында ТЖМ әскери қызметшілері Ағадыр станциясы, Ақсу-Аюлы кенті мен Талды, Қарасу ауылдарында су тасқынын алдын алу шараларын жүргізді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Талды мен Нұраталды өзендерінің бойындағы бұталар шабылып, Ақсу-Аюлы ауылының автожолы бойына 700 дана қапшық төселді.
Қарасу өзенінің жағалау жиегі нығайтылды. Жұмыс жалғасуда.