Қарағанды облысында тірі атты жолаушылар орнына жатқызып қойған жүргізуші ұсталды

Фото: Қарағанды ПД
Қарағанды облысы Нұра-Теміртау автожолында Audi жүргізушісі артқы орынға ат жатқызып тасыған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қарағанды облысы ПД-не сілтеме жасап.
Бұқар жырау ауданы тұрғынына бұл ат тиесілі ме, жоқ па белгісіз. Оны тасымалдау үшін рұқсат қағазы болмаған.
Құқық бұзушыға жүк тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Ұрланған жылқы болса, қожайыны табылады.