Қарағанды облысында үйлерге жиі енетін ұры әйел ұсталды
Фото: Pexels
Қарағанды облысы Саран қаласының полициясы 49 жасар ұры әйелді ұстады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Соңғы ұрлығы кезінде ұсталған әйел 39 жасар қала тұрғынының үйіне еніп, алтын бұйымдар иеленген.
Шығын көлемі 2 миллион теңгені құрады. Қылмыскер әйел күнәсін мойындап, заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Одан бөлек, әйел 3 рет ұрлық жасаған екен. Олар Павлодар және Осакаров ауданындағы тонау әрекеттеріне де қатысы бар болып шықты.
Тергеу-тексеру жүргізілуде.