Қарағанды облысында зауыт құрылысы барысында жүмысшы қаза тапты

Фото: Pexels

3 қараша күні Qaragandy Power Silicon зауытындағы монтаждау жұмыстары кезінде жұмысшы құрылыс алаңында биіктіктен құлап кеткен, – деп хабарлайды Taspanews.kz eKaraganda.kz сілтеме жасап.


ҚР Еңбек инспекциясы департаменті мәліметіне сай, оның мердігер жалдаған жұмысшы екені анықталды.


Бұл іс бойынша зерттеу комиссиясы құрылады.


Полиция департаментінде ҚР Қылмыстық кодекстің 156 бабы, 3 бөлігіне сай "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет” аясында сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Қажетті сараптамалар қолға алынды.