Қарағанды облысында зейнеткер ақшасын ала алмай келген

 Pexels фото на taspanews.kz от 11 декабря 2024 10:03
Фото: Pexels

Қарағанды облысы шаруа қожалықтарының бірінде 2020 жылғы жеке табысы туралы есепті ұсынбағаны үшін зейнеткер салық органы тарапынан негізсіз заң бұзушылыққа тап болды, – деп хабарлайды Taspanews,kz Жоғарғы Сотқа сілтеме жасап.


Шаруа қожалығы басшысы зейнетақы алу мақсатында ашылған шоттан шығыс операцияларын тоқтатудың заңсыздығы туралы сотқа жүгінді. Банк үзіндісіне сәйкес, 2019 жылы бұл карта тек зейнетақыға бағытталып, бизнеске қатысты басқа түсімдер болмаған.


“Осыған байланысты, МАӘС, зейнетақы алу үшін ашылған банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру заңдылық және пропорционалдылық қағидаттарына сәйкес келмейді деп таныды, өйткені бұл талап қоюшының мемлекет кепілдік берген зейнетақыны алуға конституциялық құқығын бұзады”, – Жоғарғы Сот.

Салық органының ұйғарымының күші жойылды. Сот шешімі заңды күшке енді.


Следите за новостями Taspanews