Қарағанды облысындағы екпінді желден электр желілері мен үйлер зардап шекті

Фото: Pexels

Соңғы ауа-райы көріністері нәтижесінде Қарағанды облысында электрмен жабдықтау басты мәселеге айналды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қарағанды облысы әкімдігіне сілтеме жасап.


Қарағанды облысы ТЖД басшысы Қарағанды облысындағы ауа-райы жағдайы бойынша жедел штабта өңірдегі жағдаймен бөлісті. 6-7 қараша күндері облыс аумағында екпінді жел салдарынан 8 үйдің шатыры ұшқан. Сонымен қатар, кей елді мекендерде электр қуаты сымдары үзілген.


Арнайы бригадалар электр желілерін жөндеп, ажырап кету салдары бойынша қалпына келтіру жұмыстарын қолға алды.