Қарағанды облысындағы магистральда төрт адам көлік апаттынан зардап шекті

Фото: ҚР ТЖМ

Қарағанды облысы арқылы өтетін "Алматы-Екатеринбург" автожолында болған апаттан кейін төрт адам ауруханаға түсті, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ Telegram-арнасына сілтеме жасап.


"Ақшатау" медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері автотрассаның 743-ші шақырымынан келіп түскен көмекке шақыруға аттанды.


Оқиға орнында барлық зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетілді, содан кейін олар одан әрі емделуді және қажетті медициналық қолдауды қамтамасыз ету үшін Балқаш қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.