Қарағанды облысындағы зауытта зардап шеккен жұмысшылардың бірі қайтыс болды

Қарағанды облысындағы зауытта зардап шеккен жұмысшылардың бірі қайтыс болды фото на taspanews.kz от 23 июля 2024 08:59
Фото: Pexels

Дүйсенбі, 22 Шілдеде медициналық мекемеде Қарағанды облысындағы ферроқорытпа зауытында зардап шеккен сегіз жұмысшының бірі қайтыс болды, – деп хабарлайды Taspanews.kz "YDD Corporation" ЖШС компаниясының  Instagram-дағы ақпаратына сілтеме жасап.


Марқұм –  Исмайлов Музафар Имантайұлы отыз жаста едІ. Зауытта пештің бастығы болып жұмыс істеді. Компания марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.


Еске салсақ, 20 шілдеде таңертең ферроқорытпа өндірісінде пештердің бірінен кенеттен жалын шығып, зауыт қызметкерлеріне тиген. Олар шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.


Бұған дейін дүйсенбіде зауыт пен әкімдік өкілдері зардап шеккендердің туыстарымен кездесіп, жұмысшылардың жағдайы туралы сұрақтарға жауап берді. Компания зардап шеккендердің отбасыларына барлық қолдау көрсетуге уәде берді.


Следите за новостями Taspanews