Қарағанды тұрғыны алғаш рет жеке куәландыру құжатын алған

Қарағанды тұрғыны алғаш рет жеке куәландыру құжатын алды фото на taspanews.kz от 18 июля 2024 16:32
Фото: Polisia.kz

Әлихан Бөкейхан ауданы бөлімінің полициясының көші-қон қызметіне жергілікті тұрғын күтпеген өтінішпен келген. Николай Лушников жеке басын растайтын куәлік алуға бел буған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Осы мақсатта ол полиция қызметкерлеріне келіп, мән-жайды түсіндірген. Кезінде құжатты алуға қаражат жетпеген екен, сонымен қатар абайсызда болған оқиға салдарынан қол-аяғының бір бөліктерінен айырылған.


Бұған дейін туу туралы куәлікпен және мектеп бітіру аттестатымен ғана жүрген ел азаматы ол құжаттарды жоғалтып алған екен. Нәтижесінде полицейлер оған көмектесуге бел буып, жоғалған құжаттарын тауып берген. Соңғы мәліметтерге сәйкес, ол көптен күткен жеке куәлікке ие болған. Осыған орай, 16 жаста берілетін өте маңызды құжатқа ол тек 40 жасында қол жеткізген.


Следите за новостями Taspanews