Қарағанды тұрғыны синтетикалық есірткі сақтағаны үшін 3 жылға сотталды
Қарағанды тұрғыны синтетикалық есірткі сақтағаны үшін үш жылға сотталды, деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ІІМ жол полициясына сілтеме жасап.
Ағымдағы жылдың сәуір айында Қарағанды-Сортировочная стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іс-шаралардың қорытындысын шығарды. Іс-шаралар барысында есірткі заттарын сақтады деген күдікпен Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғыны ұсталды.
Тексеру барысында күдіктіден «Альфа-ПВП» синтетикалық заты табылып, тәркіленді. Ер адам есірткіні интернет-дүкендер арқылы жеке пайдалану үшін бетбелгілерді пайдаланып сатып алғанын түсіндірді.
Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Ағымдағы жылдың 11 маусымында Қарағандының Қазыбекби аудандық соты ер адамды үш жылға бас бостандығынан айырды.
Еске салайық, жыл басынан бері еліміздің көлік полициясы 178 есірткі қылмысын анықтады, оның ішінде 6-сы сату және 18-і аса ірі көлемде сақтау. Заңсыз айналымнан 64 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді.