Қарағандыда ақбөкен санын азайтқан браконьерлер ұсталды
Қарағанды облысында ақбөкендерді аулаумен айналысқан браконьерлер ұсталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Poisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қарағанды облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстық ҰҚК департаментімен бірлесіп, облыстық прокуратураның үйлестіруімен 13 ақбөкен өлексесі мен 328 мүйізді тапты. 11 адамнан құрылған қылмыстық топ 20 кг етті кесіп, дайындаған. Бұл туралы Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Негмет Исмагулов айтты.
Қылмыскерлер Шет ауданының тұрғындары болып шықты. Қылмыстық іс қозғалды. Тиісті мәселені тергеу браконьерлер келтірген залалмен қоса іске асуда. Шығын анықталады. Өзге ақпарат Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес берілмеді.
Ақбөкендердің жойылып кету қаупіне қарамастан, оларды аулаған кез-келген азамат Заң алдында жауап береді.