Қарағандыда алтын жұлып әкеткен ер адамға қылмыстық іс қозғалды

Фото: Pexels

Қарағандыда көше бойында кетіп бара жатқан адамның сырғасын жұлып әкету бойынша күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


31 жасар қала тұрғыны 57 жасар зейнет алды жастағы әйелдің сырғасын ұрлағаны үшін ұсталды. Әйел келтірілген шығынды 177 мың теңгеге бағалады.


Күдікті күнәсін мойындады. Қазіргі таңда уақытша тергеу изоляторында.


Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тергеу-тексеру жұмыстары жүруде.