Қарағандыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: зардап шеккендер бар
Фото: Pexels
Қарағандыда 22 қараша 09:15 шамасында жол апаты орын алды, – деп хабарлайды Taspanews.kz e-Karaganda сайтына сілтеме жасап.
Ютонг автобусы мен Лада приора жеңіл көлігі соқтығысты. Нәтижесінде, жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапты.
Қоғамдық көлікте 30 адам болған. Көлік ішіндегі жолаушы мен автобус жүргізушісі ауруханаға жіберілді. Кейінірек, Денсаулық сақтау басқармасы Лада приора жүргізушісі ауыр халде екені айтылды.
Сараптама жүргізілуде. Қылмыстық іс қозғалды.