Қарағандыда әйелдерді тонады деген күдікті азамат ұсталды
Қарағандыда әйелдерді тонады деген күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Taspanews ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап
24 мамыр күні түсте 57 жастағы жергілікті тұрғын үй шаруасына асыққан. Үйдің ауласында бір ер адам кенеттен оған шабуыл жасап, мойнынан алтын әшекейді жұлып алған. Қорыққан әйел қылмыскердің сұр бетперде кигенін байқап үлгерген. Ұрланған мүліктің құны 350 мың теңгені құраған.
27 мамырда дәл осындай қылмыс қаланың тағы бір бөлігінде орын алған. Ұрлықшы дәл осылай 51 жастағы әйелге шабуыл жасап, құны 50 мың теңге тұратын алтын алқаны жұлып алған. Әйел шабуыл жасаған адамның толық сипаттамасын берді, ал бір сағаттан кейін полиция жақын маңдағы қаланың 30 жастағы тұрғынын ұстады. Оның қалтасынан ұрланған зат табылып, жәбірленуші оны бірден анықтады.
Тергеу барысында күдікті полицияға қылмыс қаруын беріп, бұрынғы қылмысын да мойындады. Сот барысында ер адам қамауға алынды.