Қарағандыда балаларына алимент төлемеген көлік жүргізушілері жол үстінде анықталды
Фото: Pexels
Қарағандыда полиция қызметкерлері балаларына бірнеше уақыттан бері алимент төлемей келген ата-аналарды арнайы жасанды интеллект пен камера арқылы тапты, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
“Қорғау” жүйесі арқылы 3 жүргізуші ұсталды. Оның бірі – 41 жасар ер адам балаларына 13 миллион теңге қарыз. Екіншісі 40 жасар Toyota жүргізушісі және келесі 34 жасар әйел 5 миллион теңге төлемей келді.
Олардың көліктеріне тыйым салынғанымен, жүзеге аспаған. Автокөліктер қарыздар өтелгенге дейін айыппұл тұрағына орналастырды.