Қарағандыда балаларына алимент төлемеген көлік жүргізушілері жол үстінде анықталды

Фото: Pexels

Қарағандыда полиция қызметкерлері балаларына бірнеше уақыттан бері алимент төлемей келген ата-аналарды арнайы жасанды интеллект пен камера арқылы тапты, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


“Қорғау” жүйесі арқылы 3 жүргізуші ұсталды.  Оның бірі – 41 жасар ер адам  балаларына 13 миллион теңге қарыз. Екіншісі 40 жасар Toyota жүргізушісі және келесі 34 жасар әйел 5 миллион теңге төлемей келді.


Олардың көліктеріне тыйым салынғанымен, жүзеге аспаған. Автокөліктер қарыздар өтелгенге дейін айыппұл тұрағына орналастырды.