Қарағандыда бірнеше тәулік бойы іздеуде болған қыз табылды
Фото: Polisia.kz
Қарағандыда 5-ақпан күні кешке үйінен шығып, бірнеше тәулікке жоғалып кеткен 12 жасар қыз табылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Қызды іздеуді полиция қызметкерлері мен еріктілер жүргізді. Бір күн өте, кешке Майқұдық автостанциясында Қарағанды патрульді полициясы жалғыз тұрған қызды танып, оны автобусқа отырмақ болған жерден алып қалды.Медициналық тексеруден кейін қыз отбасына тапсырылды.