Қарағандыда бұрынғы полиция басшысы өзін атып өлтірді

Фото: Pexels

Қарағандыда бұрынғы полиция басшысы Самат Құсайыновтың мәйіті табылды, деп хабарлайды Taspanews.kz ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.


Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 48 жастағы ер адамның мәйіті өз үйінің ауласынан табылған. Өлімнің себебі – тіркелген мылтықпен өзін-өзі өлтіру. Құсайынов зейнеткер, жалғыз өзі өсірген бес баласы бар.


Полиция тергеуді бастады.