Қарағандыда қызмет көрсету саласы үшін қазақ тілін үйрететін оқулық басылды
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі
Қарағандыда "Шырақ" тілдерді оқыту орталығы қызмет көрсету саласындағы орыстілді жұмысшыларға арнап қазақ тілін үйрететін оқулық дайындады, – деп хабарлайды Taspanews.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Қарағанды әкімдігінің қолдауымен жазылған әдістеме шағын ақпаратты қарапайым тілде жеткізіп, оңай диалогтар құрып үйренуге арналған.
Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Салтанат Әбеуованың айтуынша, осындай оқулықтарды басып шығару жалғасын таппақ.