Қарағандыда өртенген автокөлік сөндірілді

Фото: ҚР ТЖМ

Жұма күні түстен кейін, 19 шілдеде Қарағандыда жеңіл автокөлік жана бастады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ Telegram-арнасының ақпаратына сілтеме жасап. Оқиға А. Бөкейхан ауданында болған.


Өрт сөндірушілер қоңырау түскен сәттен 11 минут ішінде жалынды сөндірді.


Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің пайда болу жағдайы анықталуда.