Қарағандыда Ұлы Отан соғысы ардагерінің 100 жылдық мерейтойы өтті

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі
Қарағанды қаласы, Теміржолшыдардың мәдениет сарайында Ұлы Отан соғысында майдангер болған Григорий Петрович Степенконың 100 жылдық мерейтойы атап өтілді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Ардагерге ҚР Қорганыс министрлігінің атынан құттықтау хат тапсырылды.
Майдангерді құттықтауға Қарағанды облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскери қызметшілері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері, ауған жауынгерлері, қала мектептері мен колледждері оқушылары келді.
Іс-шара аясында мерекелік концерт өтті.
«Григорий Петрович Степенко 2-ші Украина майданында пулеметші ретінде алғаш рет майданға аттанған. Ол Курск-Орловск доғасындағы шайқастарға, Белгород, Орел, Харьков, Курск, Кенигсберг және Варшаваны азат етуге, Днепрдегі қақтығысқа қатысқан. Көрсеткен ерлігі үшін II дәрежелі Отан соғысы, II дәрежелі Даңқ ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін» медальдарымен марапатталған»,