Қарағандының басым бөлігі сусыз қалды

Фото: Midjourney

5 тамызда сағат 5:17 шамасында Қарағандыда "Екінші аймақ" сорғы станциясында электр энергиясының толық апаттық сөнуі орын алды, – деп хабарлайды Taspanews.kz "Қарағанды Су" ЖШС-нің Instagram-ына сілтеме жасап. Әдетте қала тұрғындарына су жеткізілетін сорғылар электр қуатынсыз жұмыс істемейді.


Қарағанды тұрғындарының көпшілігі сусыз қалды. Солардың қатары: Жаңа қала, Михайловка, Оңтүстік-Шығыс, Восток 5 (Мамраев), Көк тоғандар, 1, 8 және 19 шағын аудандар, 11 квартал, Магнитогорск, YDD корпорациясы, жылыжайлар, Сары-Арқа нан, бірқатар ірі көшелер.


Сондай-ақ, Восток 5 (2-ден 41-ге дейінгі үйде су жоқ), Восток 1. 2 үй , Восток 2. 5 үй су құбыры сорғы станцияларында электр жарығы жоқ.


"Қарағанды Жарық" ЖШС бригадасы электр қуатының өшу себебін анықтауда.


Сағат 8:07-де "Қарағанды Су" сорғы агрегаттарының жұмысқа қосылғанын және қазіргі уақытта гидравликалық режим қалпына келтіріліп жатқанын хабарлады, алайда әлеуметтік желіні пайдаланушылар су әлі де жоқ екенін айтады.