Қарағандының Костенко шахтасындағы жарылыс бойынша сот ісі басталды

Фото: Freepik
2023 жылы Қарағандыда 46 шахтердің Костенко кенішіндегі жарылыстан қаза тапқаны бойынша негізгі сот отырысы басталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Astana.tv сілтеме жасап.
Қылмыстық істі зерттеп-қарау бір жарым жылға созылды. 10 адам айыпталар қатарында. Шахтаның бұрынғы басшылығының әрекеті «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет» бойынша қарастырылуда.
Мемлекеттік айыптаушының айтуы бойынша, өрт сөндіруді кеншілер өздігімен жүргізген.