Қараусыз қалған малға салынатын айыппұл көбеймейтін болды
Фото: Pexels
ІІМ қараусыз қалған мал үшін айыппұлды көбейту туралы ұсынысты қабылдамады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Әкімшілік полиция комитетіне сілтеме жасап.
Орталық коммуникация қызметіндегі брифингіде малшыларға салынатын салық 3-10 АЕҚ аралығында қалатыны айтылды.
Бұл шешім мал шаруашылығына кері әсер етпеу үшін өзгеріссіз қалды. Басты күнкөріс көзі мал өнімдері болып табылатын шаруалар үшін бұл үлкен соққы болары айтылды.
Бұзушылық жасау деңгейі бойынша тек 11-37 мың теңге айыппұл қарастырылады.37 мың теңге бөтеннің мүлкін бүлдіргені үшін төленеді.