Кәрім Мәсімовке кешірім берілмеді

Фото: Ақорда

Қазақстандағы азаматтарға кешірім жасау жөніндегі комиссия Кәрім Мәсімовқа кешірім бермеді. Еске салсақ, ол 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалардан кейін мемлекетке опасыздық жасау, билікті күштеп басып алу әрекеті және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану сияқты айыптар бойынша сотталған. Бұл ақпаратты Facebook-тегі өз жеке аккаунтында комиссия басшысы, Мәжіліс депутаты Марат Башимов жариялады, деп жазады Taspanews.


Башимов бұл Комиссия Мемлекет басшысының Жарлығында бекітілген Ережелерді басшылыққа ала отырып, Қазақстан Президенті жанындағы консультативтік орган ретінде әрекет ететінін түсіндірді. Кешірім жасау туралы өтініштерді зерделей отырып, комиссия қатысушылары әртүрлі көздерден алынған ақпаратты: ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен, Бас прокуратурадан және Жоғарғы соттан сұратады және талдайды. Барлық қажетті ақпаратты мұқият жинап, бағалағаннан кейін ғана материалдар комиссия отырыстарында талқыланады.


Башимов соңғы отырыс барысында комиссия кешірім жасау туралы бірқатар істерді қарағанын хабарлады. Бірнеше жағдайда қамау мерзімін екі жылға қысқарту қаралды. Алайда, Кәрім Мәсімовтің ісін мұқият зерттегеннен кейін оны кешіруден бас тарту туралы шешім қабылданды.


Кейін Мәжіліс депутаты Абзал Құспан да Facebook парақшасында бұл ақпаратты растады.