Қаскелен қаласында құрылыс дүкені қоймасы өртенді

ҚР ТЖМ фото на taspanews.kz от 14 января 2025 19:40
Фото: ҚР ТЖМ

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Алматы облысы, Қаскелең қаласы, Асқарова көшесі бойындағы құрылыс дүкені қоймасындағы өртті сөндірді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Өрт сөндіру барысында жедел штаб ұйымдастырылды. Оқиға орнында барлығы 48 құтқарушы жұмыс атқарды. Жақын маңдағы тұрғын үйге жалынның таралмауы үшін күш біріктірілді. Жалынды жою қатты түтін мен ғимаратта жанғыш материалдар болуынан қиынға түсті.


Өрт сағат 18: 23-де алдын ала 500 шаршы метр ауданда сөндірілді.


Следите за новостями Taspanews