Каспий акваториясында браконьерлік актілердің алды алынды

ҰҚК Шекара қызметінің 2024 жылғы шілде айындағы іс-қимыл нәтижелері туралы фото на taspanews.kz от 01 августа 2024 13:54
Фото: pexels

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі шілде айында орын алған іс-қимыл жайлы баяндады. Онда Каспий акваториясында браконьерлік актілердің алдын алынғаны келтіріледі, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҰҚК ШҚ сілтеме жасап.


27 дана жүзу құралдары, жалпы ұзындығы 16,2 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары табылған. 


"Каспий акваториясында 39 браконьерлік фактілерінің алды алынды:


12 дана (4,5 кг) бекіре тұқымдас балықтар;


3 481 дана (9 723 кг) таза тұқымдас балықтар;


82 дана суда жүзетін тасбақалар;


12 дана суда жүзетін құстар;


1 дана каспий итбалығы.


Алды алынған залал сомасы 42,5 млн теңгені құрайды", – деп жазды ҚР ҰҚК ШҚ.


Анықталған фактілер бойынша бұзушылықтар сот органдары мен құқық қорғау органдарында қарастырылады.


Следите за новостями Taspanews