Каспий теңізі жағасына шығып кеткен итбалықтар суға оралуда

Фото: Pexels

2025 жылы 7-9 наурыз аралығында Каспий теңізінің жағалау жиігіне мониторинг жүргізіліп, бұрынырақ ауа райы қолайсыздығынан – қар мен мұздан жағаға шығып кеткен итбалықтар суға қайтарылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетіне сілтеме жасап.


Ауа райы жайлы бола бастаған соң итбалықтардың көп бөлігі табиғи ортасына өздігімен оралған. Ал 30 итбалық іздеу жұмыстары барысында табылып, суға жіберілді.


Теңізден едәуір қашықтыққа кеткен итбалықтарды іздеу үшін 12 наурыз күні өңірді ұшып аралау жоспарланды. Бұл шараға жергілікті атқарушы органдар, БАҚ өкілдері мен қоғамдық бірлестіктер қатысады.