Каспий теңізінде адамдарды құтқарған теңізшілер марапатталды

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Каспий теңізінде адамдарды құтқарған теңізшілер Әскери-теңіз күштерінің марапаттарымен марапатталды, деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап


Ақтау портында теңізшілерді әскери оркестрдің әуенімен қарсы алды. Пристанда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының міндетін атқарушы, бірінші дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков Қорғаныс министрінің кеме командирі Нұрбек Талғатқа тамаша көрсеткені үшін алғысын білдірді. 


Ол навигациялық жауынгерлік бөлімшенің аға матросы Әзімхон Әмірхановқа сертификат пен бағалы сыйлық табыс етті. Оның гидрометеорологиялық жағдайды сараптай білуі мен техникалық құралдармен нақты жұмыс жасауының арқасында із-түзсіз жоғалған адамдардың орналасқан жерін тез және дәл анықтауға мүмкіндік туды. Радиолокациялық станцияның көмегімен ол көмекке мұқтаж адамдарды тапты.


Естеріңізге сала кетейік, жоғалған спортшылар туралы хабарлама екінші дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлынан сағат 20:00-де түскен болатын. Төрт сағаттан кейін апатқа ұшыраған спортшылар кемеге жеткізілді. Олар Скалисты мүйісі аймағында жағалаудан 5-6 миль қашықтықта табылды.