Каспий теңізінде қалған жеті жасөспірім құтқарылды
Фото: Midjourney
Каспий теңізінде қалған жеті жасөспірім құтқарылды
Бүгін, 10 шілдеде Ақтауда ТЖМ қызметкерлері Каспий теңізінің жағасынан бір жарым шақырым жерде 17-19 жастағы жеті жасөспірімді құтқарды, – деп хабарлайды Taspanews.kz 112 Telegram-арнасының ақпараты бойынша.
Жастар пластикалық текшелерден "плот" жинап, жүзе бастаған, бірақ жағалауға өздігінен орала алмады.
Құтқарушылар көмегі жеткілікті болды, медициналық қызметкерлер қажет болмады.
ТЖМ суда құтқару кеудешесін кию қажеттілігін, мас күйінде жүзу құралын басқарудың қауіптілігін еске салады және балаларды демалыста назардан тыс қалдырмауға кеңес береді.