Қасым-Жомарт Тоқаев ата-анасыз қалған балаларға қатысты қауіпсіздік шарасын бекітті

P фото на taspanews.kz от 10 февраля 2025 21:14
Фото: Pexels

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі маңызды заңға қол қойды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Ендігі кезекте  тәлімгерлер арнайы мамандандырылған мекемелерде міндетті дайындықтан өтетін болады. Одан бөлек, қазақ тілін дамыту бойынша Ұлттық сөздік қор мен Ұлттық тіл корпусы құрылады.


Жасанды интеллект арқылы қазақ тілінің үлкен тілдік моделі әзірленеді. Одан бөлек, келесі заң бойынша пошта жөнелтілімін алу QR код және пин-код арқылы жүзеге асады.


Сонымен қатар, мемлекеттік қолдауды цифрландыру мақсатында "Әлеуметтік әмиян" жобасы бекітілді. Бұл шаралар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс қызметтерін көрсету, мемлекеттік сатып алу, көлік және пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңдары аясында жүзеге асады.


Следите за новостями Taspanews