Қасым-Жомарт Тоқаев бітімгершілік миссиясына қатысқан әскери қызметкерлерді марапаттады

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери борышын үлгілі атқарғаны, Біріккен Ұлттар Ұйымының Голан жоталарындағы бітімгерлік миссиясын жүзеге асыру барысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ әскери қызметшіні мемлекеттік наградалармен марапаттау жайлы Жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақорданың ресми баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі «Айбын» орденімен:
Айыпов Жігер Мұратұлы;
Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденімен:
Аппазов Сухраб Тохтыкожаевич;
Кәмен Бауыржан Қасымұлы;
Қасымов Мақсат Сейілханұлы;
Мырзанұлы Аллаберген;
Сабыржанов Есен Елшатұлы;
Сейдалин Руслан Жәнібекұлы;
Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын» орденімен:
Мамырханов Біржан Еркінғазыұлы;
«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен
Ағыбай Абылай Ержанұлы;
Әкімов Самат Асанжанұлы;
Дәулетов Рафик Мәжитұлы;
Еркінов Дархан Еркінұлы;
Кәрібаев Саян Қуантайұлы;
Кенжетай Ертай Жаңабергенұлы;
Мұсайыпов Нұржан Нұрбекұлы;
Нұрпейісов Ерлік Әбиірұлы;
Нұрымов Серік Асқарұлы;
Сисатов Азамат Амангелдіұлы;
Төкенов Ұлан Нұрбекұлы;
Тіленшинова Сәния Қалымқызы марапатталды.