Қасым-Жомарт Тоқаев Иранды Ислам Революциясы күнімен құттықтады

Фото: Ақорда

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президенті Масуд Пезешкиан мен ирандықтарды Ислам Революциясы күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақорда баспасөз орталығына сілтеме жасап.


Жеделхатта мемлекет басшысы Иранның Таяу Шығыстағы беделіне аса тоқталды. Екі ел арасындағы ынтымақтастық үшін ризашылық білдіріп, Иран халқына құт-береке тіледі.