Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Архивінің жаңа ғимаратын аралады

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің жаңа ғимаратын аралады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, архив Алматыдан Астанаға көшірілді. Бұл мекеме тек тарихи құжаттарды сақтайтын орын ғана емес, сондай-ақ білім және ғылыми-әдістемелік орталық ретінде жұмыс істейтін Орталық Азиядағы алғашқы архив болмақ.
Жаңа архив ғимаратының ерекшеліктері келесі:
- 24 мұрағат қоймасы: қағаз құжаттар, дыбыстық-бейнелік жазбалар, шағын таспалар және электрондық құжаттардың сақтандыру қоры үшін;
- Зертханалар, интерактивті экспозиция, оқырман залдары мен жұмыс бөлмелері қарастырылған;
Қазақстанның 1918 жылдан бергі саяси тарихына қатысты бай құжаттар қоры жинақталған;
Архивте еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы, сыртқы және ішкі саясаты, халықаралық қатынастары, экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму үрдістеріне байланысты құнды материалдар сақталған.
Президент Архиві ел тарихына қатысты маңызды құжаттарды сақтаумен қатар, ғылыми-әдістемелік кешен ретінде де қызмет көрсетеді.