Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Архивінің жаңа ғимаратын аралады

Фото: Aqorda

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің жаңа ғимаратын аралады, – деп хабарлайды Taspanews.kz  Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, архив Алматыдан Астанаға көшірілді. Бұл мекеме тек тарихи құжаттарды сақтайтын орын ғана емес, сондай-ақ білім және ғылыми-әдістемелік орталық ретінде жұмыс істейтін Орталық Азиядағы алғашқы архив болмақ.


Жаңа архив ғимаратының ерекшеліктері келесі:


- 24 мұрағат қоймасы: қағаз құжаттар, дыбыстық-бейнелік жазбалар, шағын таспалар және электрондық құжаттардың сақтандыру қоры үшін;


- Зертханалар, интерактивті экспозиция, оқырман залдары мен жұмыс бөлмелері қарастырылған;


Қазақстанның 1918 жылдан бергі саяси тарихына қатысты бай құжаттар қоры жинақталған;


Архивте еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы, сыртқы және ішкі саясаты, халықаралық қатынастары, экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму үрдістеріне байланысты құнды материалдар сақталған.


Президент Архиві ел тарихына қатысты маңызды құжаттарды сақтаумен қатар, ғылыми-әдістемелік кешен ретінде де қызмет көрсетеді.