Қайтыс болған адамды жерлеу үшін оның зейнетақы жинағын пайдалануға болады

 фото на taspanews.kz от 31 июля 2024 15:41
Фото:

Біріңғай жинақтау зейнетақы қоры жаңа цифрлік қызметтерді қосуда. Оның бірі – қорда ақша жинап, қаза болған адамның жерлеуіне ақша бөлу қызметін онлайн алу, – деп хабарлайды Taspanews.kz БЖЗҚ-на сілтеме жасап.


Ол үшін тиісті өтініш беріледі.


"Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшері шегінде, бірақ қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) бар қаражаттан аспайтын көлемде зейнетақы жинақтары қаражаты есебінен жерлеуге біржолғы төлем жүргізіледі",  – Біріңғай жинақтау зейнетақы қоры.

 


Онлайн өтініш беру үшін отбасы мүшелері жеке кабинетке кіріп, "Қызмет" бөліміндегі "Жерлеуге жәрдемақы алуға өтініш беру" батырмасын басу қажет. Содан соң марқұмның ЖСН нөмірін енгізеді, сол арқылы оның өлімі расталады және туыстық байланыстар туралы ақпарат қолжетімді болады. Ары қарай, алушының банктік деректемелерін енгізу керек. Деректерді "тексеруді" таңдап, электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылады.


Ұялы телефонмен қосылсаңыз, "eGOV mobile" қосымшасы арқылы ЭЦҚ мен қол қою керек.


Жерлеу төлемін ресімдеу үшін "Қызметтер"/Алушыларға бөліміне кіресіз.


Егер туыстық байланысты растайтын ақпарат болмаса, отбасы мүшесі құжаттармен БЖЗҚ-ның кез-келген кеңсесіне келіп, мәселесін айта алады.


Следите за новостями Taspanews