Қазақ Ұлттық университетінде Тәуекел Мүсіліммен шығармашылық кездесу өтуде

Тәуекел Мүсілім фото на taspanews.kz от 05 декабря 2024 18:43
Фото: Taspanews

 5 желтоқсан кеші, сағат 17:00-де Тәуекел Мүсілім ҚазҰУ студенттерімен кездесті, – деп хабарлайды Taspanews.kz.


 Актерлік мамандыққа келу жолын айтып, өмірбаянының жарқын сәттерімен бөлісу арқылы студенттермен сыр шерткен Тәуекел Мүсілім әңгімені өрбіте, түрлі тақырыптарды қозғады.


Соның бірі – "Машина жасау" мамандығы бойынша оқуға түскенімен, кейіннен актер болуды байқап көргендігі туралы:


"Мамама 5 ай уақыт беріңіз, егер актер бола алмасам, қайтадан жұмысыма қайтамын дедім. Сонымен 5 ай ішінде продюсермен танысып, әрі қарай Баян Мақсатованың киносына түстім. Таңдауды дұрыс жасағаным үшін өзімді бақытты сезіндім", –  – Тәуекел Мүсілім.


"Махаббатым жүрегімде" фильмінен кейін актерлігі сынға алынғанын айтып, ол өзін шыңдай бастағанын есіне түсірді.                         


"Тіл мамандарының, актерлік шеберлік сабақтарын алып, талпындым, мен үшін ең үлкен мәртебе – анамның кинотеатрда тұрып шапалақтағаны болды",  – деді ол.

Кейіннен актер оған тележүргізушілікті ұсына бастағанын, арасында тойға да шыққандығымен бөлісті.


"Актерлік көп ақша әкелмейді. Қосымша табыс керек", – деді актер.

Студенттермен әңгімелесуде сұрақ-жауап жүріп, актер түрік тілін үйрене бастағанын айтты.


Одан бөлек, "Мектептен бастап талпынып, актер болуға тырысуым қажет еді, қазір артқа оралсам ертерек бастар едім" дей келе, бала кезінде атын "Қанат" етіп өзгерткісі келгенімен де бөлісті. Содан соң, Тәуекел хан сияқты ұлы тұлға бар екенін біліп, атына риза қалған. Алайда, кейіннен қиын заманда туылған соң, аты "Тәуекел" қойылғанын білген. 


Актермен кездесу жалғасуда.


 


Следите за новостями Taspanews